Рассылка новостей



Новости

Архив новостей

Спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты

1 Август 2023

Бүгін Берн қаласында (Швейцария) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты басталды. 1-12 тамыз аралығында «жылдамдық», «қиындық», «боулдеринг» және «қоссайыс» санаты бойынша дода жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
Байрақты бәсекеде 58 елден 400-ден астам спортшы бақ сынайды. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 14 атлет қатысады.

Әлем чемпионатының кестесі:

1-күн. «Боулдеринг» біліктілік (ерлер)

2-күн. «Қиындық» біліктілік (әйелдер)

3-күн. «Қиындық» біліктілігі (ерлер)
«Боулдеринг» біліктіліr (әйелдер)

4-күн. “Боулдеринг” жартылай финалы (ерлер)
«Боулдеринг» финалы (ерлер)

5-күн. «Боулдеринг» жартылай финалы (әйелдер)
«Боулдеринг» финалы (әйелдер)

6-күн. «Қиындық» жартылай финалы (ерлер, әйелдер)
«Қиындық» финалы (ерлер, әйелдер)

7-күн. «Параклайминг» (мүмкіндігі шектеулі жандар үшін)

9-күн. «Қоссайыс» жартылай финалы (боулдеринг) (әйелдер)
«Қоссайыс» жартылай финалы (боулдеринг) (ерлер)
«Қоссайыс» жартылай финалы (қиындық) (ерлер, әйелдер)

10-күн. Біліктілік, «жылдамдық» финалы (ерлер, әйелдер)

11-күн. «Қоссайыс» финалы (әйелдер)

12-күн. «Қоссайыс» финалы (ерлер)

Генеральный партнёр Федерации альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан АО “Самрук-Kazyna”, КФ “Фонд поддержки туризма и спорта”.

---

Новости скалолазания