Рассылка новостей



Новости

Архив новостей

Хайбуллин Ришат Француз Республикасында спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды.

9 Июль 2023

Хайбуллин Ришат Француз Республикасында спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды.

Француз Республикасының Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем Кубогы аяқталды, аталған жарыста Хайбуллин Ришат «Жылдамдық» санатында күміске иеленді. Бұл санатта ерлер арасында 27 елден келген 77 спортшы қатысты.
Алғашқы жүгірістерінде спортшымыз 5,05 және 5,29 секундтарды көрсетіп 4 орынға иеленіп, финалдық раундқа жүлдеме алды.
Финалдық жүгірістерде отандық спортшы 15 метрлік өрмелеу қабырғасын тағы да 5,05 секунда жүгіріп жеке және Қазақстанның рекордын жасады. Әлем рекорды 4,98 секунд болып табылады.
Ең соңғы жүгірісте Хайбуллин Ришат 5,01 секундқа иеленген Индонезия спортшысынан тек 0,04 секундқа кешігіп екінші орынға ие болды.
Жалпы бұл Әлем Кубогына 30 елден келген 129 спортшы қатысты.
Спорттық құзға өрмелеу серпінді дамып келе жатқан жас спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы инфраструктураны дамытумен және ұлттық құрама команданы халықаралық жарыстарға дайындаумен айналысып, спорт түрінің дамуымен айналасады.
Ұлттық құрама команда 93 спортшыдан тұрады, соңғы екі жылда спорттық құзға өрмелеумен айналасатын адамдар саны 1,7 есе өсіп, шамамен 5280 адамға жетті.

Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясының баспасөз қызметі

Генеральный партнёр Федерации альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан АО “Самрук-Kazyna”, КФ “Фонд поддержки туризма и спорта”.

---

Новости скалолазания