Федерация АиСС РК
Устав Объединения юридических лиц «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан 28.01.17 на казахском языке с дополнениями
«20» ақпан 2016 жылы
Құрылтайшылық Конеренциямен
Бекітілді
Хаттама №1
«20» ақпан 2016 жылы
Өзгерістер мен толықтырулар
2017 жылдың 28 қаңтарындағы конференция
2017 жылдың 28 қаңтарындағы №1-ші хаттама
*«Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ*
- Жалпы ережелер
- Федерацияның заңды мәртебесі
- Федерация қызметінің мақсаты мен міндеті
- Федерацияның құқықтары мен міндеттері
- Федерация мүшелігіне кіру, мүшелігін тоқтату шарттары және тәртібі
- Федерация мүшелерінің құқықтары және міндеттері
- Мүшелік жарналар
- Федерацияның басқару органдары
- Федерацияның мүлкі
- Федерацияның Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізу тәртібі
- Федерация қызметін қайта құру және тоқтату тәртібі
1. Жалпы ережелер
1.1. «Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі (ары қарай – Федерация деп аталатын) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісінде құрылған, өз қызметін еріктілік, мүшелерінің теңдегі, өзін-өзі басқару, заңдылық, қызметінің жариялылығы және есеп беру қағидасы негіздері бойынша жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
1.2. Федерацияның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы” заңды тұлғалар бірлестігі;
орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан»;
ағылшын тілінде: «Mountaineering and sportclimbing Federation of the Republic of Kazakhstan».
1.3. Заңды тұлғалар Федерацияның құрылтайшылары болып табылады:
1) «Астана қаласының альпинизм және құзға өрмелеу федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, Астана қаласы әділет Департаментімен 16 шілде 2015 жылы тіркелген, мекенжайы: Қазастан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сырымбет көшесі, үй 18. БСН 150740013819.
2) «Ақмола облысы Альпинизм және Құзға өрмелеу федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, Ақмола облысы әділет Департаментімен 1 ақпан 2016 жылы тіркелген, мекенжайы: Республикасы, 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Геологический к-сі, 22 үй, п.7, деректемелер: БСН 160240001006.
3) «Алматы облысы Альпинизм және Құзға өрмелеу Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, Алматы облысы әділет Департаментімен 29 қаңтар 2016 жылы тіркелген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жастар ықшам ауданы, 29 үй, п. 19. БСН 160140026902.
4) «Қарағанды облысы Құзға өрмелеу Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің № 15125-1930-ҚБ, 4 шілде 2003 жылы Қарағанды облысы әділет Департаментімен берілген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Пассажирская к-сі, 12 үй, п. 4. БСН 030740010552.
5) «Павлодар облысы альпинизм және құзға өрмелеу Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің № № 17515-1945-ҚБ, 22 желтоқсан 2015 жылы Павлодар облысы әділет Департаментімен берілген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кутузов к-сі, 11 үй, п. 65. БСН 151240017767
6) «Оңтүстік Қазақстан облыстық алпинизм Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің № 26100-1958-ҚБ, 27 ақпан 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаментімен берілген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 160000, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Восток ықшам ауданы 1, 67 үй, 10-кеңсе. БСН 070240023870
7) «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша альпинизм және құзға өрмелеу және туризм Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, 27 ақпан 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаментімен тіркелген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қаласы, Мира к-сі, 124 үй. БСН 150240032572
8) «ИРБИС» альпинизм мен құзға өрмелеу жастар спорт клубы» Қоғамдық Бірлестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің № 18005-1917-ҚБ, 07 сәуір 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментімен берілген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 070000, Элеватор к-сі, 19 үй. БСН 050440013252
9) «Алматы қаласы альпинизм Федерациясы» Қоғамдық Бірлестігі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 115202-1910-ҚБ, 11 ақпан 2016 жылы Алматы облысы әділет Департаментімен берілген, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 183 үй, п.27.
БСН160240012100
1.4. Федерацияның заңды мекенжайы (орналасқан жері): Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Қастеев к-сі, 10 үй.
1.5. Федерацияның қызмет мерзімі – шектелмеген.
1.6. Федерацияның заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің аумақтық органда мемлекеттік тіркеуге тұрған күннен туындайды.
2. Федерацияның заңды мәртебесі.
2.1. Федерация өзінің оқшауландырылған мүлкі, жеке теңгерімі және банктердегі есеп-шоттары, мөртаңба, анықталған үлгідегі баспабеті, Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына қарсы келмейтін өзіндік бенелемесіне және басқа да атрибутикасына ие заңды тұлға болып табылады, өз атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтар алуға және жауапкершілік артуға, сотта жауап беруші және арыз беруші және үшінші тұлға бола алады.
2.2. Федерация өз міндеттері бойынша оған тиісілі барлық мүлкімен жауаптылық артады. Федерация мүшелері оның қарызы бойынша бір кіріс жарнасы көлемінде біріккен жауапкершілік артады.
2.3. Федерация мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтайды. Федерация өзінің мүшелерінің жеке берешектері бойынша жауаптылық алмайды.
2.4. Федерация мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының басқа да мекемелерімен,қоғамдық бірлестіктермен, басқа заңды тұлғалармен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасы шеңберінде, халықаралық қоғамдық (үкіметтік емес) мекемелермен және басқа да ұйымдармен әрекет етеді.
2.5. Федерация өз мүлкіне қатысты ие болу, пайдалану және басқару құқығына ие.
2.6. Федерация өз қызметін альпинизм және (немесе) құзға өрмелеу Федерацияларымен облыстық, республикалық маңызы бар қалалармен, халықаралық федерациялармен (союздармен) Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру саласында уәкілеттендірілген органдармен жүзеге асырады.
3. Федерация қызметінің мақсаты мен пәні
3.1. Федерацияның негізгі мақсаты – спорттық-сауықтандыру жұмыстар өткізу, ал нақтырақ – Қазақстан Республикасында альпинизм және құзға өрмелеудің дамуы бойынша қызметті жүргізу, альпинизм мен құзға өрмелеумен жүйелі түрде айналасуға бұқаралық халықты жұмылдыру.
3.2. Федерация қызметінің пәні болып табылады:
3.2.1. әрекет етуші заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында альпинизм және құзға өрмелеуді дамыту мәселелерін шешу;
3.2.2. альпинистік экспедицияларда, халықаралық жарыстар мен чемпионаттарға қатысу үшін альпинизм және құзға өрмелеу бойынша үздік спортшыларды және Республиканың құрама топтарын құру және даярлау;
3.2.3. спорт кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру, альпинизм және құзға өрмелеу бойынша мамандандырылған курстардың, семинарлардың, мектептердің жұмысын ұйымдастыру;
3.2.4. альпинизм және құзға өрмелеу бойынша бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру, коммерциялық іс-шараларды қоса алғанда;
3.2.5. альпинизм және құзға өрмелеу бойынша төрешілердің, жаттықтырушылардың, спортшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
3.2.6. әр түрлі сипаттағы және деңгейдегі альпинизм және құзға өрмелеу бойынша жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге көмектесу;
3.2.7. Федерация комитеттері мен комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;
3.2.8. ақпараттық-әдістемелік қызметтер көрсету;
3.2.9. облыс, республикалық маңызы бар қалаларда және клубтарда альпинизм және құзға өрмелеу Федерациясын және жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік көмек көрсету;
3.2.10. спорт саласындағы әрекет етуші заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттің атқарушы органдары мен өкілдік органдарға ұсыныстар әзірлеу және тапсыру;
3.2.11. әрекет етуші заңнамаға сәйкес мамандандырылған спорт көрмелерін, конференциялар, сауда-көрмелерін, фестивальдарды ұйымдастыру;
3.2.12. альпинизм және құзға өрмелеу ардагерлерін қолдау;
3.2.13. баспа, жарнамалық қызмет;
3.2.14. тау экологиясы және табиғатты қорғауға көмектесу;
3.2.15. Федерацияның жарғылық мақсаттарына жету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
3.2.16. Федерацияның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін заңнамамен рұқсат берілген басқа да қызмет түрі;
3.3. Федерация өз қызметін демократия қағидалары негізінде құрады:
3.3.1. демократиялық орталықшылдық (аздың көпке бағынуы);
3.3.2 басқарушы органдардың төменнен жоғарыға дейін таңдалуы;
3.3.3. таңдалған органдардың міндетті мерзімді есеп беруі.
4. Федерацияның құқықтары мен міндеттері
4.1. жарғылық мақсаттарға жету үшін Федерация құқылы:
4.1.1. Қазақстан Республикасының альпинизм және құзға өрмелеу бойынша құрама топтарын құру;
4.1.2. Қазақстан Республикасының альпинизм және құзға өрмелеу бойынша спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері , еңбек сіңірген спорт шебері және еңбек сіңірген жаттықтырушы атағын беру туралы қолдаухат беруге;
4.1.3. Федерация комиссиясы және комитеттерінің уәкілдіктерін анықтауға және бекітуге;
4.1.4.альпинизм және құзға өрмелеу бойынша нормативтер разрядтарын, жарыстар ережелерін әзірлеуге;
4.1.5. басқа заңды тұлғаларды құруға немесе қатысушысы болуға, өкілдіктер мен филиалдар ашуға;
4.1.6. өз мақсаттары мен міндеттері туралы ақпартты таратуға;
4.1.7. мемлекеттік және сот органдларында, қоғамдық ұйымдар мен басқа да мекемелерде, соның ішінде шетелдік мекемелерде орнатылған тәртіп бойынша өз мүшелерінің мүдделерін таныстыруға және қорғауға;
4.1.8. баспа өнімдерін орнатылған тәртіп бойынша шығаруға және таратуға;
4.1.9. Федерацияның мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін басқа да уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
4.1.10. бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
4.1.11. халықаралық үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
4.1.12. Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмейтін басқа да уәкілеттікті жүзеге асыру.
4.2. Федерация міндетті:
4.2.1. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасы және осы Жарғыға сәйкес әрекет етуге;
4.2.2. осы Жарғының ережелерін және оған сәйкес қабылданған Федерацияның ішкі құжаттары ережелерін сақтауға;
4.2.3. Федерация мүшелеріне оның қызметі туралы толық ақпаратты, оның ішінде Конференция, Федерация Президиумы, Федерация Комитеттері жиналысының хаттамасын және басқа құжаттарды, қаржылық есептерді қоса алғанда, алу туралы хабарламасы бар сұрату түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынуы керек;
4.2.4. бірыңғай мемлекеттік тізімдемеге кіретін мағлұматтар көлемінде үнемі әрекет етуші басқарушы органның мекенжайының өзгеруі және басшы туралы ақпаратты тіркеуші органға хабарлауға.
5. Федерация мүшелігін алу, тоқтатылу және одан айрылу шарттары мен тәртіптері.
5.1. Федерация мүшелері толық және қауымдасқан мүше бола алады.
5.1.1. Мүшелік жарнаны үнемі төлеуші, жергілікті спорт федерациясымен аккредиттелген заңды тұлғалар Федерацияның толық (Дауыс беру құқығы бар) мүшелері бола алады. Әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан бір ғана мүше Федерацияның толық мүшесі бола алады.
5.1.2. Федерациясының қауымдасқан (Қаржы мәселелері дауыс құқығын қоспағанда, дауыс беру құқығы жоқ ) мүшелері ерекше жағдайларда болуы мүмкін: қоғамдық қорлар, жарыссыз альпинизм және құзға өрмерлеу спортын дамытуға тартылған коммерциялық ұйымдар, олардың инфрақұрылымдары, табиғат тауларын қоғау және зерттеу.
5.2. Федерация мүшелерін қабылдау белгіленген улгі бойынша жазбаша өтiнiш арқылы Федерация Президиумы жүзеге асырады және Федерация мүшелерінің Конференциясы шешімімен бекітіледі. Өтіншке Федерация мүшесінің сауалнамасы және Федерация мүшелерінің тізілімі қоса тіркеледі. Федерация мен оның мүшесі арасында мүшелікке кіру туралы келісім жасалады.
5.3. Федерация мүшелігіне қабылдау немесе бас тарту туралы шешім өтініш берушіге Конференция өткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.
5.4. Федерация мүшелігіне қабылдаудан бас тарту туралы негіздемесі көрсетілген шешім жазбаша түрде тапсырылады. Үміткер Федрация Конференциясына қайта өтініш беруге құқылы.
5.5. Федерация келесідей мәліметтер көрсетілген мүшелерінің тізімдемесін жүргізеді: атауы, мекенжайы, басшының аты-жөні және оның Федерациядағы өкілінің аты-жөні, телефондары және электронды мекенжайлары. Тізімдемеде мүшеліктің тоқтатылуы және Федерация мүшелігінен шығарылу жағдайлары да көрініс табады.
5.6. Федерация мүшесі тізімдемедегі өзінің кезкелген мәліметтерінің өзгеруі туралы, оның атқарушы органын ескертуі керек.
5.7. Федерацияның мүшесі жылдық мүшелік жарнаны бір жыл көлемінде төлемеген жағдайда, Федерация Президиумының шешімімен мүшелік тоқтатылды. Сонымен қатар, Жарғының 5.9 бөлімін тәжірибелік орындалуы үшін атқарушы орган, Федерация мүшесінің өз қарызын төлеп бітуі керек мерзім тағайындайды.
5.8. Федерация мүшесі Президиум отырысы өткен күннен бастап он күн мерзімінде өзінің мүшелігі тоқтатылғаны туралы жазбаша түрде хабардар болады.
5.9. Федерация мүшесі өз қарыздарын толық төлеген жағдайда, Федерация Президиумы шешімімен қайта мүшелікке ие болады.
5.10. Федерация мүшелігі құрамынан ерікті түрде шығу туралы өтініш негізінде немесе осы Жарғының ережелерін орындамау, екі жыл қатарынан жылдық мүшелік жарнаны төлемеген жағдайда Конференция шешімімен Федерация мүшелігі тоқтатылады.
5.11. Федерация мүшелігін басқа заңды тұлғаларға табыстау рұқсат етілмейді.
5.12. Федерация мүшелігін жаңарту туралы мәселе бір жылдан кейін қарастырыла алады.
5.13. Қазақстан Республикасының альпинизм және құзға өрмелеуді дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар, нұсқаушылар, альпинизм ардагерлері, қоғам қайраткерлері және басқа да жеке тұлғалар Федерацияның құрметті мүшелері бола алады.
5.14. Құрметті мүше атағы Федерация Президиумының шешімімен беріледі (немесе алынады).
5.15. Құрметті мүшелердің құқықтары және міндеттері Федерацияның Президиумымен анықталады.
6. Федерация мүшелерінің құқықтары және міндеттері
6.1. Федерацияның толық мүшесі құқылы:
6.1.1. Конференцияда дауыс беру арқылы және Федерацияның атқарушы органдарындағы өкілдері арқылы Федерацияның басқаруына қатысу;
6.1.2. Президиумның жеке құрамы, оның қызметін жетілдіру, Жарғыны өзгерту және толықтыру бойынша Федерацияның басқарушы органдарына ұсыныстар беруге;
6.1.3. Федерацияға жазбаша тапсырыс беруге және он күндік мерзімде оның қызметі туралы ақпарат алуға, сонымен қатар Федерацияның қаржылық есебімен, Конференция, Федерация Президиумының, Комитеттерінің және Федерация Комиссиясының хаттамаларымен және басқа да құжаттарымен танысуға;
6.1.4. Федерацияның спорттық іс-шараларын өткізуге;
6.1.5. Федерацияның толық мүшелерінің спортшылары, Федерациямен ұйымдастырылған барлық жарыстарға қатысуға құқығы бар; Ережеге және төлемдер жүйесіне сәйкес халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атытан шығуға құқығы бар;
6.1.6. Федерация ұсынатын қызметтерді пайдалануға;
6.1.7. Федерация құрамынан өз еркімен шығуға;
6.2. Федерацияның қауымдастырылған мүшесі құқылы:
6.2.1. Қаржы мәселелері бойынша конференцияда дауыс беру арқылы және федерация комитеттері мен комиссия органдарынағы өз өкiлдерi арқылы Федерация басқаруына қатысу;
6.2.1. Федерацияға жазбаша тапсырыс беруге және он күндік мерзімде оның қызметі туралы ақпарат алуға, сонымен қатар Федерацияның қаржылық есебімен, Конференция, Федерация Президиумының, Комитеттерінің және Федерация Комиссиясының хаттамаларымен және басқа да құжаттарымен танысуға;
6.2.3. Федерация ұсынатын қызметтерді пайдалануға;
6.2.4. Федерация құрамынан өз еркімен шығуға;
6.3. Федерацияның толық мүшесі міндетті:
6.3.1. Федерация Жарғысының, Құрылтайшы шартының, ішкі құжаттарының ережелерін сақтау, сонымен қатар Жарғыға сәйкес қабылданған Федерацияның басқарушы органдарының шешімдерін орындау;
6.3.2. Федерацияның қызметіне қатысу, оның мақсаттарына жетуіне көмек көрсету;
6.3.3. Кіріс және мүшелік жарналарды уақытылы төлеу;
6.3.4. Өзінің Федерация мүшелерінің тізімдемесінде көрсетілген мәліметтерінің өзгеруі туралы Федерацияны уақытылы хабарландыру;
6.3.5. Өз спортшыларын, төрешілерін, жаттықтырушыларын тізімдемеге енгізіп Федерацияға өткізу.
6.3.6. Федерацияның атқарушы органына өзінің спорттық қызметі туралы жыл сайын мәлімет тапсыру;
6.3.7. Спорттық іс-шараларды өткізу барысында ҚР-дағы альпинизм және құзға өрмелеу ережелерін сақтау.
6.4. Федерацияның қауымдастырылған мүшесі міндетті:
6.4.1. Федерация Жарғысының, Құрылтайшы шартының, ішкі құжаттарының ережелерін сақтау, сонымен қатар Жарғыға сәйкес қабылданған Федерацияның басқарушы органдарының шешімдерін орындау;
6.4.2. Федерацияның қызметіне қатысу, оның мақсаттарына жетуіне көмек көрсету;
6.4.3. Кіріс және мүшелік жарналарды уақытылы төлеу;
6.4.4. Өзінің Федерация мүшелерінің тізімдемесінде көрсетілген мәліметтерінің өзгеруі туралы Федерацияны уақытылы хабарландыру;
7. Мүшелік жарналар
7.1. Мүшелік жарналар кіріс, жылдық және мақсатылы болып бөлінеді.
7.2. Кіріс және жылдық мүшелік жарналардың төлем мөлшері, тәртібі және мерзімі Конференциямен жылына бір рет анықталады, мақсатылы мүшелік жарналар Федерацияның Президиумымен анықталады. Мақсатылы мүшелік жарналар Федерация мүшелерімен ерікті түрде төленеді.
8. Федерацияның басқару органдары
8.1. Федерацияның басқару органдары болып табылады:
Жоғарғы басқару органы- Федерация мүшелерінің Конференциясы;
Басқарудың атқарушы органы – Федерация Президиумы;
Бақылаушы орган – Федерацияның Тексеріс комиссиясы.
Федерацияны құру барысында Құрылтайшылық Конференцияда Федерацияның шаруашылық- қаржылық қызметін жүзеге асыратын және Федерация органдарының құрылуына дейін оның мүдделерін үшінші тұлғалардың алдында таныстырушы уәкілетті тұлғалар сайланады.
8.2. Федерацияның Жоғарғы басқарушы органы – Конференция. Конференцияның айрықша құзыреттілігіне келесі мәселелер бойынша шешім қабылдау жатады:
8.2.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Жарғыны жаңа редакцияда бекіту, Федерацияның атауын өзгерту;
8.2.2. Федерация Президиумын 4 (төрт) жыл мерзімге 7 (жеті) адам сайлау және оның құрамынан уәкілеттік мерзімі 4 (төрт) жылды құрайтын Федерация Президентін тағайындау. Президиум мүшелігінен бір мүшенің шығып қалуы (себебіне қарамастан) келесі Конференцияда Президиумның толық мүшелерін қайта сайлау дегенді білдірмейді. Президиумнан бір мүше шығып қалған жағдайда, Президиум уақытша қызметін атқаратын бір мүшені қабылдауға, немесе Федерацияның кезекті Конференциясын өткізгенге дейін шыққан Президиум мүшесінің міндеттерін қалған мүшелердің арасында бөліп беруге құқылы.
8.2.3. Федерацияның Тексеріс комиссиясының мүшелерін 4 (төрт) жыл мерзімге 3 (үш) адам таңдау және оның құрамынан комиссия Төрағасын тағайындау және олардың уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
8.2.4.Федерация мүшелігіне қабылдау;
8.2.5. алдағы жылдағы Федерация қызметінің бағдарламасын, Федерация аппаратын ұстау шығыны сметасын бекіту;
8.2.6. жылдық қаржылық есепті, Президиум жұмысы туралы Президенттің есебі және Тексеріс комиссиясының қорытындыларын бекіту. Комиссияның қорытындысынсыз Конференция атқарушы органның жылдық қаржылық есебін бекітпейді;
8.2.7. Федерацияны тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдау;
8.2.8. жылдық және кіру жарналарының көлемін, тәртібін және төлеу мерзімдерін анықтау;
8.2.9. Федерация қызметінің басқа да маңызды мәселелерін Жарғы негізінде шешу.
8.3. Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін үш ай ішінде Федерацияның атқарушы органымен кезекті Конференция шақыртылады.
8.4. Конференцияның өту уақытына дейін бір айдан кеш емес уақытта Федерация мүшелері Федерацияның атқарушы органымен кезекті Конференцияның өту күні және орны, күн тәртібі көрсетілген жазбаша түрдегі хатпен хабардар болады. Хабарландыру Федерацияның ресми ғаламтордағы сайты арқылы, мүшелер тізімдемесінде көрсетілген электронды мекенжайлар және телефондар арқылы жүзеге асады. Егер Федерация мүшесін тиісілі түрде хабардар етуге болатын мәліметтері өзгерген жағдайда, және мүше ол туралы Федерацияны уақытылы хабардар етпеген болса, Федерация өз мүшесінің хабарланусыз қалғандығы үшін жауаптылық артпайды және бұл қабылданған шешімді даулау үшін негіздеме бола алмайды.
8.5. Кезектен тыс Конференция оның құрамының 20 % кем емес бөлігін құрайтын, Президиумның, Президенттің, Тексеріс комиссиясының, Федерация мүшелерінің 30% мүшелерінен кем емес бөлігінің бастамасымен шақыртылады. Кезектен тыс Конференция шақырту туралы ұсыныс, Жарғының 8.4. бөлімімен қарастырылған тәртіпте Федерация мүшелерін хабарландыратын, Федерацияның атқарушы органына жіберіледі.
8.6. Федерацияның әр мүшесі Конференцияда бір дауысқа ие, егер алдындағы Конференцияда дауыс тәртібінің басқа түрі анықталмаған болса.
8.7. мүшелердің жалпы санының екіден үші Конференцияға қатысқан болса Конференция құқықты болып табылады. Конференцияға заманауи байланыс тәсілдерін қолдану арқылы сырттай қатысуға болады, егер Конференция осындай мүмкіндікке ие болса. Конференцияның күн тәртібі қатысу делегаттардың көпшілігінің дауысы арқылы өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
8.8. Конференцияның шешімі қатысушы делегаттардың көпшілік даусымен қабылданады. Жарғының 9.2 бөлімінің 9.2.1 және 9.2.6 тармақтары қабылдануы үшін екіден үш дауысынан кем емес болуы керек.
8.9. Дауыс беру үлгісін – жабық немесе ашық (құпия) – Конференция анықтайды. Конференция Президиум және Президенттің кезкелген шешімін жоққа шығаруға құқылы.
8.10. Конференцияның хаттамасына Конференцияның төрағасы және хатшысы қол қояды.
8.11. Конференция арасындағы аралықта Президиум Федерацияның басқарушы органы болып табылады.
8.12. Президиум:
8.12.1. Федерацияның жарғылық мақсаттары және міндеттеріне жету үшін Конференцияның шешімдерін орындауға бағытталған іс-шаралар өткізеді;
8.12.2. кезекті немесе кезектен тыс Конференция өткізгенге дейін өз құрамынан уақытша мерзімге Федерацияның Президентін тағайындайды, егер өз уәкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтатқан болса;
8.12.3. Президиум мүшелерінің арасында міндеттерді өзі бөледі;
8.12.4. Федерация өткізетін іс-шаралардың сметаларын бекітеді, және олардың өтуі туралы есептерін тыңдайды;
8.12.5. «Қазақстан Республикасының альпинизм және құзға өрмелеу Федерациясының құрметті мүшесі» атағын беру туралы және атағынан айыру туралы шешім қабылдайды;
8.12.6. Федерацияның комитеттері мен комиссиясы туралы Ережелерді, сонымен қатар олардың қызметтерін реттейтін құжаттарды бекітеді;
8.12.7. Федерацияның баспа және электронды органдарын құрады және тоқтатады және олар туралы Ережелерді бекітеді;
8.12.8. қажеттілігіне қарай Федерацияның кеңес беретін және басқа да жұмыс орындарын құрады, олар туралы Ережелерді бекітеді;
8.12.9. филиалдар және өкілдіктер ашу, мекемелердің және басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы шешім қабылдайды;
8.12.10. Республикалық спорт іс-шараларының Күнтізбелік жоспарын, Республиканың құрама тобының және альпинизм және құзға өрмелеу бойынша үздік спортшылардың халықаралық жарыстарға, альпинистік экспедицияларға қатысуын бекітеді;
8.12.11. Федерация мүлкінің кепілі туралы және Федерацияны кредиттеу туралы мәселелерді шешеді.
8.12.12. Конференцияның айрықша құзіреттілігіне кірмейтін Федерация қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.
Президиум жиналысы жылына үш реттен сирек өткізілмейді. Жиналыстың өту уақыты, орны және жиналыста талқыланатын мәселелер көрсетілген Президиумның жиналысы туралы хабарлама оның мүшелеріне өткізілетін күнге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде тапсырылуы керек.
Президиум шешімі ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің көбірек дауысымен қабылданады. Президиумның әр мүшесі бір дауысқа ие. Президиум жиналысы оның әрекет етуші мүшелерінің 50% қатысқан жағдайда құқылы болып табылады, соның ішінде заманауи байланыс тәсілдерін қолдану арқылы сырттай қатысу арқылы, егер Президиум осындай мүмкіндікке ие болса.
Президиум жиналысында Президент төрағалық етеді, ол жоқ болған кезде Президиум мүшесінің біреуі. Дауыстардың жұп саны кезінде Президенттің дауысы шешуші дауыс болып табалыды.
8.13. Жиналысқа шығарылған мәселенің негіздемесімен тексеріс комиссиясының мүшесімен, немесе Президиумның кезкелген мүшесінің, Федерация Президентінің бастамасымен кезектен тыс жиналыс шақыртылуы мүмкін.
8.14. Федерация Президенті:
8.14.1. Конференция шешімінің жүзеге асырылуын, Президиум жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
8.14.2. Президиум жиналысын шақырады және Президиум жиналысының хаттамасымен рәсімделетін олар қабылдаған шешімдерге қол қояды;
8.14.3. Федерацияны жалпы басқаруын жүзеге асырады, Конференция , Президиум шешімдерін орындайды, олардың жүзеге асырылуы үшін жауаптылық артады;
8.14.4. мемлекеттік және сот органдарында, қоғамдық және басқа да ұйымдарда Федерация атынан сенімхатсыз Федерацияны таныстырады;
8.14.5. Федерацияның шоттарын ашады және жабады, Федерацияның мүлкі және қаражатымен басқарады, бұйрықтар мен қаулылар шығарады;
8.14.6. шарттар, келісімдер жасасады, Федерацияның қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметі үшін жеке жауаптылыққа ие;
8.14.7. қызметтік нұсқаулықтарды бекітеді.
8.15. Федерация Президиумының мүшесі:
8.15.1. Президенттің бұйрығының, Конференция және Президиумның қаулыларының орындалуын ұйымдастырады;
8.15.2. Конференция және Президиум жиналыстарында қарастыралатын жоба құжаттарының даярлануын қамтамасыз етеді;
8.15.3. Федерация комитеттері және комиссиясы қызметін басқарады, олардың қызметін бақылайды;
8.15.4. Федерация мүшелерінің есебін ұйымдастырады, сонымен қатар Федерация мүшелерінің, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдары мен басқа да үндеулерінің қарастырылуын ұйымдастырады;
8.15.5. Президент жоқ кезде оның орнын басады.
8.16. Федерацияның тексеріс комиссиясы:
8.16.1.Федерацияның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеріс жасау.
8.16.2. Комиссия тексерістіны бір жылда бір реттен кем емес жүргізеді. Жоспардан тыс тексеріс Федерация мүшелерінің, оның құрамының 20%-нан көбін құрайтын мүшелерінің талабы бойынша жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тәуелсіз аудиторлар шақырылуы мүмкін.
8.16.3. Комиссия Тексеріс қорытындысын Конференцияға ұсынады.
8.16.4. Президиум мүшелерін тексеріс комиссия құрамына сайлана алмайды.
9. Федерацияның мүлкі
9.1. Федерацияның қаражаты және мүлкі төмендегілердің есебінен құралады:
9.1.1. Федерация мүшелерінің кіріс, мүшелік, мақсаттылы жарналары;
9.1.2. ерікті қайырымылық, демеуші көмегі;
9.1.3. альпинизм және құзға өрмелеуді дамыту үшін бөлінетін бюджеттік қаражат;
9.1.4. өз қызметінен түскен табыстар, заңнамалық көздермен рұқсат берілген басқа да қызметі;
9.2. Федерацияның мүшелері мүлікке құқығы жоқ.
10. Федерацияның Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
10.1. Осы Жарғыға өзгертулер мен толықтыруларды Конференция енгізеді.
10.2. Жарғыны толықтыру немесе өзгерту туралы ұсыныстар Федерация Президиумына негіздемелері көрсетілген жазбаша түрде тапсырылады.
10.3. Жарғыға енгізілетін өзгертулер және толықтырулар туралы мәселелер Федерация Президиумының Конференциясының талқылануына Федерация мүшелерінің алдын-ала тапсырылған ұсыныстары негізінде шығарылады.
10.4. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тиісілі тәртіп бойынша тіркеледі.
11. Федерация қызметінің тоқтауы және қайта құрылу тәртібі
11.1. Федерацияның қайта құрылуы немесе оның жойылуы, Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес жағдайларда, Конференцияның немесе сот шешімі бойынша жүзеге асады. Федерация мүшелерінің саны екіден кем болған жағдайда да Федерация жойылады.
11.2. Федерацияның қайта құрылуы немесе оның жойылуы туралы ұсыныс Федерацияның Президиумы Конференциясының қарастырылуына жеке бастамасы немесе Федерация мүшелерімен, оның құрамының 50% көбісімен ұсынылады.
11.3. Федерцияның жойылуы Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасы тәртібіне сәйкес жүзеге асады.
11.4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдемесіне Федерация қызметінің тоқтатылғандығы туралы ақпарат енгізілгеннен кейін, Федерацияны ликвидациялау аяқталған болып есептелінеді.
11.5. Федерация жойылғаннан кейін қалған мүлік жарғылық мақсаттарды қанағаттандыруға жұмсалады.
«Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу Федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президентi Валиев К. Ш.
Учредительные документы
- Учредительный договор Объединения юридических лиц «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан» 20.02.2016
- Устав Объединения юридических лиц «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан 28.01.17 на казахском языке с дополнениями
- Устав Объединения юридических лиц «Федерация альпинизма и спортивного скалолазания Республики Казахстан 30.03.17 на русском языке с дополнениями
- Свидетельства и карточки
- Об Общественном объединении «Федерации альпинизма и скалолазания Республики Казахстан»